Әлімжеттілік абырой әпермейді

Полицейлер «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» бойынша оқушылармен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Полицейлер Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы мектеп оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді» деп хабарлайды.

Іс-шараны полиция бөлімінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторы Азиза Бекмуратова және аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің сектор меңгерушісі Перизат Мүтәлі ұйымдастырды.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, әлімжеттік, сабақтан себепсіз қалу және беймезгіл уақытта көшеде жүрудің жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар оқушылармен тренингтік ойындар өткізіліп, сұрақтар қойылды. Жиын соңында мектеп басшысы келген мамандарға алғыс білдіріп, іс-шараны қорытындылады.

Р. Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…

«Жас сақшылармен» жолықты

Сауран ауданының бас полицейі Алмат Абидинов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді…