Түркістанда коммуналдық техникалардың қысқы дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері “Түркістан Жарық-Тазалық” ЖШС-не қарасты қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалайтын арнайы техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді.

Тексеру барысында коммуналдық автокөліктердің жалпы техникалық жағдайы, жарық және тежегіш жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі, дөңгелектердің маусымға сәйкестігі, сондай-ақ кабинадағы қауіпсіздік элементтері бағаланды. Сонымен қатар жүргізушілердің құжаттарының толықтығы және қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі де назардан тыс қалған жоқ.

Бұдан бөлек, жолдарды көктайғақтан қорғау үшін қолданылатын инертті материалдардың (құм, тұз қоспалары және т.б.) жеткіліктілігі мен олардың сақталу жағдайы тексерілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Арыс аудандық соты кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша кезекті кездесу Арыста кездесу өтті. Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің…
Толығырақ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен семинар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік семинар жалғасын тапты. Іс-шара…