Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Түлкібас ауданының Еңбек ауылы салауатты өмір салтын ұстанып, толықтай «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесін иеленді. 131 үйі бар, мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Ауылдың тыныс-тіршілігі өзгеріп, балалардың шат күлкісі, ақсақалдардың мазмұнды әңгімелері, әжелердің салт-дәстүрді дәріптеуі ауылдың рухани келбетін айшықтап келеді. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.

Мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде.

Еңбек ауылының учаскелік полиция инспекторы Ерсейт Молдақұловтың айтуынша, ішімдік — қылмыс пен тұрмыстық жанжалдың негізгі себептері. Сондықтан ауылдың бұл бастамасы – құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жобалардың бірі.

Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырды. Еңбек ауылы «ішімдіксіз орта мен қауіпсіз қоғам» қағидатының нақты дәлелі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…
Толығырақ

Полиция мерекемен құттықтайды

25 қазан – Республика күніне орай Сайрам ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шеру өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары…
Толығырақ

Оқушылар полиция бөліміне экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына…