Мектепте отбасы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру шарасы өтті

Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ата-аналарға арналған ақпараттық жиын болып өтті. Кездесуге Созақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы Айжан Манапова мен «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің маманы Айжан Манабаева қатысып, көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат берді.

Іс-шарада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, балалардың қауіпсіздігі, психологиялық қолдау көрсету тәсілдері және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.

Жиын барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды. Мұндай кездесулер отбасындағы өзара құрмет пен қауіпсіздікті нығайтуға, балалардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…
Толығырақ

Ашықтық – сенім бастауы

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар жұртшылықтың бұл салаға деген сенімін күшейтіп келеді. Соның бір мысалы ретінде…