Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті

Түркістан облысының Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды департамент бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев өткізді.

Жетісай, Кентау, Қазығұрт, Сауран және Түркістан өңірлерінен келген 20-ға жуық тұрғын полиция басшысына өз мәселелерін тікелей жеткізді. Азаматтардың арыз-шағымы бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктелді.

Кейбір мәселелер департамент басшылығының бақылауына алынып, қосымша тексерістер жүргізілген соң жазбаша жауап берілетіні туралы айтылды. Тұрғындар дер кезінде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әлімжеттілік абырой әпермейді

Полицейлер «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері» бойынша оқушылармен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Полицейлер Түркістан облысы…
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

“Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінде” жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың…