Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға арналған форум

Облыс прокуратурасының бастамасымен Түркістан қаласында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық даму әлеуетін арттыруға бағытталған «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті.

Жас мемлекеттік қызметшілер форумында спикерлер ретінде облыс прокуроры М.Тлеубердиев, облыс әкімі Н.Кошеров, мемлекеттік қызмет саласындағы «Astana Hub» басқару комитетінің төрағасы А.Байменов, мемлекет және қоғам қайраткері О.Асанғазықызы және өңірдегі құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың басшылары сөз сөйледі.

Сондай ақ, іс шараға мемлекеттік жас қызметшілер, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев «мемлекеттік қызметтің басты тұтынушысы да, сыншысы да – халық, сондықтан мемлекеттік қызметші – халықтың сұрауы мен талабына сай сапалы қызмет етуге міндетті» екенін жас мемлекеттік қызметшілерге жеткізді.

Бұл форум — мемлекеттік қызметтің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар іс-шара болып табылады және мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, жауапкершілік және заң талаптарын бұлжытпай орындау мәдениетін кеңінен орнықтыруды, олардың құқықтық сауаттылығын, қызметтік этикасын және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Р.Манан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…