Азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары М.Е. Мамбетовамен бірге Түркістан облысы фтизиопульмонология орталығы мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге Адамның және Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасы ретінде адам мен азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі құқықтық нормалар, медициналық көмекті алу тәртібі, пациенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пациенттермен этикалық қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Ордабасы ауданында…