Ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары талқыланды

 «Жуырда Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «А.АсылЖандар» ЖШС қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде қызметкерлердің жалпы жиналысы өтті» деп хабарлайды Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы.

Жиналыс барысында мекеме басшысы Сұлтан Ақмарал Нұрланқызы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы әлеуметтік әріптестікті дамыту, ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымдық шарттың маңыздылығы мен жауапкершілігі, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кәсіподақтың рөлі мен атқаратын қызметі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Жиналыс нәтижесінде ұжым бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылдап, кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Эрметов Тұрсынбай Қорғанбайұлы сайланды.

Кездесуде айтылған ұсыныстарды ескере отырып, мекеме қызметкерлері 100% құрамда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының мүшелігіне енді.

Екіжақты ынтымақтастық өзара құрметке, берік достық пен нәтижелі әріптестікке негіз болады деген сенімдеміз!

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

В Сауране прошёл форум

В Сауранском районе был организован форум родителей под названием «Безопасное детство». В форуме приняли участие акимат района, организации…
Толығырақ

Шәуілдірде тұрғын үйлер жөнделеді

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12…
Толығырақ

Түркістанда жастар форумы өтті

25 қазан – Республика күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Республика жастары: Болашаққа…