Келесте үш медициналық нысан ашылды

Түркістан облысы Келес ауданында үш бірдей жаңа медициналық нысан ашылды. Нақтырақ айтқанда, Қошқарата ауыл округіне қарасты Бесқұбыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Бірінші Мамыр елді мекенінде «Шынар» фельдшерлік-акушерлік пункті және Біртілек ауыл округіндегі Игілік ауылында медициналық пункт ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа медициналық нысандар заманауи талаптарға сай салынып, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Айта кетейік, Келес ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының әкімі Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, туризмді дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында туризм саласына жауапты…