Келес ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аудандық Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Келес аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің тізімі мен жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты кеңінен түсіндіріліп, онда көтерілген негізгі бағыттар мен ел дамуына қатысты басымдықтар жан-жақты талқыланды.
Жиынға Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Л.Нұртеав және орынбасары Н.Оңғарбаев пен мүшелері, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының басшысы Н.Айдаров пен мамандары қатысты.
Жиын Келес ауданының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық бірлік пен келісімді нығайту, жастарға үлгі боларлық тәрбиелік жұмыстарды күшейту жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – аудандық Ақсақалдар кеңесінің қызметін жүйелеу, оның жұмысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын кеңінен түсіндіру арқылы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дамыту.
Қорытындысында, Келес аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің тізімі мен жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне сұхбаты – бұл бірлікке, тұрақтылыққа және ортақ, жауапкершілікке үндейтін маңызды саясиәрі рухани үндеу. Ел ішіндегі келісімді нығайту, аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау. Іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу жөніндегі ортақ шешім қабылданды.