Кәсіподақтарға сенім күшейе түсті

Түркістан облысы Шардара ауданында «Шардара аудандық армспорт клубы» мемлекеттік мекемесінде қызметкерлердің жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа «Қызмет» салалық кәсіподағының кеңес мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының аудандық комитетінің төрайымы Биманова Бақыткүл арнайы қатысып, кәсіподақ қызметі туралы кеңінен түсіндірме жасады.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтың рөлі, ұжымдық шарттың маңыздылығы мен оның тараптарға жүктейтін жауапкершілігі, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар қазіргі уақытта «Қызмет» салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары туралы нақты мәліметтер ұсынылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша ұжымда бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қол күресінен Әлем чемпионы Сарыбай Ердаулет сайланды. Осылайша мекеме ұжымы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы құрамына кәсіподақ мүшелігіне қабылданды.

 Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Бейнероликтер көрсетілді

Бәйдібек ауданының IT мектеп-лицейінің ұстаздары мен 300-ден астам оқушыларының қатысуымен, «Заң және тәртіп» қағидатына сай жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың…
Толығырақ

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

«Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар күшейтілген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бағаны негізсіз…