Этнос өкілдерінің берекелі мекені

Биыл еліміз бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналған бірегей конституциялық құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі мерекесі кең көлемде атап өтілді. Мерейлі жылдың басталуына орай өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы этнос өкілдерінің берекелі мекеніне айналған елді мекендерде «Достық үйлерін» ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік-мәдени нысан –Достық үйі пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.

Бірлігі берекелі, тірлігі жарасты Сайрам аймағы ежелден достық мекені болған қасиетті шаңырақ. Түркістан облысы халқының құрамында 50-ден астам этностың өкілі бар болса, соның 39-дан астамы – осы Сайрам жерінде жарасты тірлік кешуде. Мұндағы 240 мыңнан астам тұрғынның жартысына жуығы – мемлекет құраушы қазақ ұлтымен терезесі тең, керегесі кең ғұмыр кешіп келеді.

Жаңадан ашылған Достық үйі этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлікті арттыруға және мәдени байланыстарды дамытуға арналған маңызды рухани алаңға айналмақ.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Ордабасы ауданында…