Қыз алып қашу – қылмыс!

Қыз алып қашу дегеніміз не? Қызды немесе әйелді өз еркінен тыс, зорлықпен алып кету, яғни неке қиюға мәжбүрлеу – бұл қылмыс болып саналды. Мұндай әрекет ешқашан «салт-дәстүр» немесе «ескі жол» деп ақталмайды.

Бұл неге қауіпті?

Адамның еркіндігі мен ар-намысына қол сұғу;

Психологиялық және физикалық зорлық көрсету;

Қыздың, ата-анасының, екі жақтың өмірін бұзады;

Қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Қылмыстық кодекстің 125-бабымен – адамды ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қылмыстық кодекстің 125-1-бабымен – адамды күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатері төндіріп, сол сияқты бопсалау жолымен некеге тұруға мәжбүрлеген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ол үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

Неке – екеуара келісім мен сүйіспеншілікке негізделуі керек.

«Ата баба дәстүрі» деген желеумен заңды бұзуға болмайды.

Қыздың келісімінсіз алып қашу – оның тағдырына қиянат жасау.

Егер сен немесе танысың осындай жағдайға тап болса – полицияға хабарла!

Қыздың «жоқ» дегені – нақты жоқ!

«БҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОҚТАМ»

«Бұзушылыққа тоқтам Арыс» телеграм ботына

QR арқылы тіркелеміз

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұртта сәндік ағаштар егілді

Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендер аумағын таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең…

ЖОҒАЛҒАН РУХТЫ АҢСАУ

Над страной моей родною, Встала Смерть. Андрей Белый Аяулым! Біз құл болып бара жатқан халықпыз. Алтын Орда ыдырағаннан…