Ленгірде халықпен ауқымды кездесу өтті

Халықпен етене араласып, елдік мүддені бірлесе көтеру – жергілікті өкілді орган қызметінің басты бағыты. Осы ұстаным аясында аудандық мәслихат депутаттары Ленгір қаласының тұрғындарымен кең ауқымды кездесу өткізді.

Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, №16 сайлау округінің депутаты Жанғали Мәуленов, №18 сайлау округінің депутаты Нұргелді Құлышев, №14 сайлау округінің депутаты Мақсат Тұрымбетов, №15 сайлау округінің депутаты Болат Умутбаев, сондай-ақ мәслихат депутаты Исағали Әшірбеков және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров қатысты. Сонымен қатар басқосуға дербес бөлімдер мен мекеме басшыларымен құқық қорғау органдарының өкілдері де келіп, тұрғындармен ашық пікір алмасты.

Жиын барысында негізгі баяндаманы №16 сайлау округінің депутаты Жанғали Мәуленов жасап, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен мәлімет берді.

Кездесудің негізгі бөлігі сұрақ-жауап форматында өтіп, қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындар ауыз су, түнгі жарық, тұрмыстық қатты қалдықтар туралы, №1-ықшамаудандағы кәріз тазалау имаратының құрылысы және интернет желісінің сапасы жөніндегі түйткілдерді алға тартты.

Көтерілген мәселелерге мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаровпен қатар, тиісті сала мамандары және әр округке жауапты депутаттар да өз бағыттары бойынша нақты түсініктемелер беріп, ұсыныс-пікірлерге жауап қайтарды.

Кездесу соңында тұрғындар ашық диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, мұндай жүздесулердің маңыздылығын атап өтті.

Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…