ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын әзірлікте ұстау және өзара іс-қимыл әрекеттерін ұдайы пысықтау.
Жарыс Түркістан қаласындағы облыстық департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Түркістан қаласындағы № 39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында өтті. Жарысқа қатысушы командалар өртті сөндіру, дабыл бойынша жиналу, үш иінді сатымен көтерілу сияқты кезеңдерден бақ сынасты. Ойынға жалпы 6 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде үздіктер анықталып, І орынды «Комплекс Услуг Безопасности Астана» командасы иеленді. ІІ орыннан «АзияТехПожСервис» ЖШС қызметкерлері көрінсе, ІІІ орынды «Волковгеология» АҚ қызметкерлерінен құрылған команда қанжығаларына байлады. Жүлделі орынға ие болған командаларға арнайы дипломдар мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…