Қара шапан

Қара шапан –
Жауында әкем, сауында шешем киген,
Сол шапанның қойнына шекер де үйгем.
Жамау-жамау біз көрген балалықтай,
Қайда қалды шапаным көшерде үйден?
Әкем қойшы – әкемнің таяғынан,
Ат үстінде күн жүдеп, ай арыған.
Қара шапан ішінде талай қозы,
Көзін ашып нық тұрған аяғынан.
Біз де солай…
Бөлмемізге бас сұқса ұрыннан күз,
Қара шапан ішінде жылынғанбыз.
Қара шапан ішінен сыз әлемге,
Мейіріммен қарайтын суынған жүз.
Қара шапан секілді жаным жамау,
Сағыныш боп кеудемде жағылды алау.
Жұлдызы көп мына түн сондай жылы,
Жамау-жамау шапанды жамылған-ау!
Ерік Нарын
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Бола ма?..

Ақты – қара, қараны – ақ деп тануға, Бола ма екен аққа күйе жағуға? Бола ма екен қараны…
Толығырақ

ТҰҒЫРЫҢ БИІК ТУҒАН ЕЛ

Көшіңді түзеп, бірлігін бекем ширатып. Сірескен сеңнің мұз құрсауларын қиратып. Төрт құбылаңды шаттыққа бөлеп жатырсың, Шұғыла шашқан шаңырақ…
Толығырақ

Түсіме ылғи өлгендер кіреді

Түсіме ылғи өлгендер кіреді, Барлығы тұнжыр, көңілсіз. Тірілер оған несін береді, Жетісіп жүр ғой дермісіз? Аурақ жебеп жүреді…