Келес ауданына қарасты №47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сүндетқұл Кәусар Қалмырзақызы кішкентай кезінен бастап еңбекқор болып өсуде. Көп балалы өнерлі отбасында дүниеге келген Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды.
— Менің атам жиырма жылдан бері қолөнермен айналысады. Ес білгелі атамның қасында жүріп, оның жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де біртіндеп түрлі бұйымдар жасауға машықтана бастадым. Маған бұл кәсіп қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мені мектепте өтетін көркем еңбек пәні қатты қызықтырады,-дейді өнерлі оқушы.
Айта кету керек, Кәусардың әкесі шаштаразшы, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Атасы мен немересінің бірігіп жасаған қолөнер бұйымдары, соның ішінде домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да үлкен сұранысқа ие.
Жас шәкірт оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Сабағымен қатар өнерден де қол үзбей жүрген Кәусарды өз қатарластары да үлгі тұтады.
Баспасөз қызметі.
Related Posts
“Жоғары сапалы бейне жасау құпиялары:кәсіби мамандардың озық тәжірбиесі”
Жоғары сапалы бейне есептерді жасау техникалық білімді, тиімді әңгімелеуді және егжей-тегжейге назар аударуды қажет…
Осман империясынан жеткен мұра
Елдің мәдениетін, дәстүрін жан-жақты тану үшін оның асханасына да ден қою керек. Түркия бұл жағынан кенде қалған мемлекет…
ТҮРКІСТАНДА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан…
СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ
Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде…