Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.
Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Related Posts
АРЫСТА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл…
Ленгірде халықпен ауқымды кездесу өтті
Халықпен етене араласып, елдік мүддені бірлесе көтеру – жергілікті өкілді орган қызметінің басты бағыты. Осы ұстаным аясында аудандық…
Ауданда тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ берілді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз…
Жетісайда рейдтік іс-шаралар өтті
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар…