Еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының, келісімдер мен ұжымдық шарттар талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізді.

Тексеруді Түркістан облыстық ұйымының заңгері Тлепберген Ермахан, бас маман Абдураимов Бахтияр, сондай-ақ Сауран ауданы кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Бекмурзаев Жұмағали жүзеге асырды.

Қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 155-бабы және әлеуметтік әріптестік актілері негізінде ұйымдастырылып, мұғалімдер мен қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Тексеру барысында ұйым басшысының орынбасары, іс жүргізуші және кәсіподақ төрағасы мамандарының қатысуымен ұжымдық шарт, еңбек шарттары, басшылықтың бұйрықтары, сондай-ақ салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік келісімдері сияқты негізгі құжаттар жан-жақты зерделенді.

Бұл жұмыстар сала қызметкерлерінің құқықтық кепілдіктерін қорғауға және еңбек қатынастарының талапқа сай орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Шардарада сабантой жақын

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев күзгі жиын-терім науқанының барысымен танысу мақсатында Алатау батыр және Ұзын ата ауылдық округтерін…
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

«Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тәжірибе барысында 1-курс студенттері…