ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты мекен – еліміздің мәдени айнасы саналады. Түркістанның рухани астанаға айналуына Қожа Ахмет Ясауидің қосқан үлесі мол.
Бұл жайында  Түркістан қаласында өткен «Қожа Ахмет Ясауи тағылымы – түркі дүниесінің рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев айтты.
Ол конференцияның ашылуында Ясауи мұрасының маңызына тоқталып:
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды», – деп айтқан болатын. Осыған сәйкес біз биыл Түркістан қаласынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының білімін жетілдіру «Ислам институтын» ашуды жоспарлап отырмыз,- деді өз сөзінде
Оның айтуынша институтты ашу арқылы имамдардың білімін арттырумен қатар, ғасырлар бойы қалыптасқан діни мектебімізді жаңғырту маңызды.
–Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы туралы әртүрлі деректерді кездестіреміз. Соларды ғылыми тұрғыда негіздеп, қоғамға ұсыну маңызды. Бұл ретте, ғалымдарымыз бүгінгі конференцияда тың әрі нақты тұжырымдарды ұсынады деп сенеміз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Айта кетейік, рухани-ғылыми басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінен, сондай-ақ елімізден және шетелден белгілі ғалымдар, дінтанушылар, тарихшылар қатысты. Жиында Ясауи мұрасының түркі халықтарының бірлігі мен рухани жаңғыруындағы маңызы, жастар тәрбиесіндегі орны жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар Ясауи ілімін ғылыми тұрғыда зерттеу мен оны кеңінен насихаттаудың өзектілігін атап өтті.
Конференция аясында ғалымдар мен профессорлар мазмұнды баяндамалар жасап, ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында Ясауи мұрасына арналған екі бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts