ӘКІМ КОНСУЛМЕН КЕЗДЕСТІ

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холманмен және танымал триатлон шебері, Ironman спорт түрінен әлемнің 6 дүркін чемпионы Марк Алленмен кездесті. Кездесу барысында тараптар түрлі салалар бойынша әріптестік орнату жөнінде пікір алмасты» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Нұралхан Көшеров кездесу барысында өңіріміздің негізінен аграрлы аймақ болып есептелетінін айтып, ауыл шаруашылығы саласында АҚШ-тың тәжірибесін енгізіп, әріптестік орнатуға дайын екенін айтып өтті.
–Туризм саласын дамытуда да үйренеріміз мол. Жалпы, инвестициялық жобаларды сүймелдеуге, қолдауға, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Білім саласы бойынша да әріптестік орнатуға мүдделіміз, – деді облыс басшысы.
Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холман Қазақстан өзі үшін өте жақын мемлекет екеніне тоқталды.
– 1993 жылдан бері Қазақстанмен тығыз байланыстамын. Бұл елдің тарихымен таныспын. Адамзат жылқыны алғаш рет осы елде қолға үйреткен. Қазақстанда мәдени-рухани туризмді дамытуға мүмкіндік өте мол. Себебі тарихи ескерткіштеріңіз, бай мұраларыңыз көп. Ол саяхатшыларды қызықтыратыны сөзсіз. Мәселен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әлемдегі керемет тарихи мұраның бірі. Одан өзге де көне қалалар, ескерткіштер бар. Екіншіден, Қазақстанда ауыл шаруашылығының да әлеуетін көтеруге болады. Ұсыныстарды талқылап, әріптестік орнатуға күш саламыз, – Хью Холман.
Ал Марк Аллен Түркістанда триатлон және өзге де су спорты түрлерін дамыту және спорт кластерін өркендету арқылы туристер тартуға болатынын жеткізді.
Кездесуде АҚШ өкілдеріне Түркістанның инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Тараптар әріптестікті нығайтып, тереңдете түсуге уағдаласты.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts