Арнайы курс ұйымдастырылды

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің мәжіліс залында «Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени және зиярат орындары шырақшыларының діни сауаттылығы мен біліктілігін арттыру» мақсатында арнайы курс ұйымдастырылды.

Тарихи және қасиетті орындар – халқымыздың рухани жадын сақтап тұрған киелі мекендер. Бұл орындарға келетін азаматтар мен қонақтар шырақшыларды тек қызмет көрсетуші ғана емес, рухани бағыт-бағдар беруші, діни танымның өкілі ретінде қабылдайды. Сондықтан шырақшылардың діни білімі дұрыс, сауатты және дәстүрлі құндылықтарға негізделген болуы – аса маңызды.

Осы мақсатта облыстық дін істері басқармасының бастамасымен шырақшыларға арналған арнайы діни сауат ашу және біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Курстың басты мақсаты – шырақшылардың дәстүрлі ислам құндылықтары жөніндегі білімін жүйелеу, діни мәселелерде қате түсініктердің алдын алу және радикалды, деструктивті идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру.

Курсты жүргізуге білікті теологтар, дінтанушылар және сала мамандары тартылды. Оқу процесі тек дәріс түрінде ғана емес, пікір алмасу, сұрақ-жауап, тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асырылды. Бұл шырақшылардың алған білімін күнделікті қызметінде тиімді қолдануына мүмкіндік береді.

Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы, дін істері, мәдениет басқармаларының мамандары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар қатысты.

Арнайы курста Р.Сабыржанұлы с ұйымдастырылды- Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы, Е. Төлепов — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы, Е. Полатов -Сауран ауданының бас имамы, И. Панов – Түркістан қаласының бас имамы және т.б. баяндамалар жасады.

Түркістан облысы Дін істері басқармасы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…