Жуырда Түркістан облысының прокуратурасы «Азаптауға жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, адвокатураның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі қатысты. Дөңгелек үстел қоғамда заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғау саласындағы ашықтықты арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтуге бағытталды.
Прокуратура органдары азаптау фактілерінің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және заң талаптарына сәйкес қатаң құқықтық баға беру мәселесіне ерекше назар аударады. Прокуратура органдары азаптау фактілерінің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және заң талаптарына сәйкес қатаң құқықтық баға беру мәселесіне ерекше назар аударады. Облыс прокуроры Мурат Тлеубердиев өз сөзінде: «Азаптау – бұл тек заң бұзушылық қана емес, ол қоғамның әділеттілікке деген сеніміне нұқсан келтіретін ауыр қылмыс», – екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар азаптаудың алдын алу, оны уақтылы анықтау және әрбір дерекке принципті құқықтық баға беру мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесімен бөлісіп, өзекті ұсыныстарын ортаға салды. Құқық қорғау органдарының бірлескен профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде азаптау туралы жазылған арыз-шағымдар 90 пайызға дейін азайған.
habarlike.kz