«Отбасы тәрбиесі – ұлт болашағының негізі»

Отырар аудандық отырар орталықтандырылған кітапхана жүйесі ғимаратында «құрылтай халық пен билік арасындағы ашық диалог» тақырыбында басқосу өтті. Жиынға республикалық «әділ билер» қоғамдық бірлестігінің отырар аудандық филиалының төрағасы ә. Жанзақов және ауыл округтегі мүшелері, «бибі ана» алқасының төрайымы м. Белгібай, әжелер алқасының төрайымы м. Тұрлыбек, «шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қ. Байжұман және де ішкі саясат бөлімі, жастар өкілдері мен қоғамдық қорлар өкілдері қатысты.

Жиын барысында ардагер ұстаз, «бибі ана» алқасының төрайымы м. Белгібай жақында қызылорда қаласында өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелерге тоқталып, отбасындағы бала тәрбиесінің мәні мен маңызына ерекше назар аударды. Ол жастар арасында орын алып жатқан келеңсіз жәйттар, атап айтқанда қыз алып қашу және жасөспірімдер арасында кездесетін келеңсіз жағдайлар туралы сөз қозғап, осы мәселелерді шешуде барша қоғам болып бірлесіп атсалысу керектігін атап өтті.

Одан әрі, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі б. Сапарбай бүгінгі таңда жастардың маскүнемдікке бейімделуі өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын айта келе, бұл мәселенің алдын алу жолдарын ұсынды. Осы орайда, «арақсыз ауыл» жобасын іске асыру қажеттілігін атап өтті. «шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қ. Байжұман, «отбасыңды тәрбиелеймін десең ұлыңды тәрбиеле, еліңді тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле» деген қанатты сөздермен бастай отырып, жасөспірімдер тәрбиесі тек білім беру ордасында ғана емес, ең бастысы отбасы ішінде басталатынын айтты.

Сонымен қатар, 2025 жылы аудандық әжелер алқасының бастауымен 20-ға жуық мәдени шара өткізіліп, ауыл округтерінде 10-нан астам кездесу ұйымдастырылған. Бұл шараларға оқушылар мен олардың ата-аналары қатысып, үлкен қызығушылық танытқан. Осылайша, жасөспірімдер мен жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, олардың болашағына қатысты мәселелер кеңінен талқыланған.

Жиын барысында көтерілген тағы бір өзекті мәселе шалғай елді мекендерде жастар арасындағы жұмыссыздық болды. Бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобалар мен жеңілдетілген несиеге қол жеткізу мәселелері талқыланды. Аудан тұрғындары арасында жастарды жұмыспен қамту, олардың кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасау қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, осы секілді келелі жиындардың болашақта да жалғасын табатындығын білдірді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өргебасқа газ келді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Өргебас…
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…