Қарамұрт ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру пунктінің ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Жобаны іске асыруға жергілікті бизнес өкілдері белсенді қатысып, пункттің құрылысы мен тұрмыстық заттармен жабдықталуына қолдау көрсетті.

«Бизнес қауымдастығы бастама танытып, ерікті өрт сөндіру бекеттерін дамытуға нақты үлес қосып жатқаны маңызды. Бұл ауыл аймақтардың өрт қауіпсіздігі мен тұрғындардың қорғалуын нығайтуға септігін тигізеді», — деп ТЖМ басшысы атап өтті.

Жаңа пункт қызмет атқаруға қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген: өрт техникасына арналған бокс, кезекшілерге арналған үй-жай, байланыс құралдарымен жабдықталған диспетчер бөлмесі, ас үй, асхана және «Batyr Team» спорт залы бар. Еріктілер ТЖМ бөлімшесі берген өрт сөндіру автоцистернасымен, жауынгерлік киіммен және радиостанциялармен қамтамасыз етілді.

«Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы пункті Қарамұрт, Низамабат және Аққала ауылдарына қызмет көрсететін болады. Бұл елді мекендерде 19 мыңнан астам адам тұрады. Ол ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

А.Бар.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында көрсетілген  қызметтер туралы семинар өтті

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының ғимаратында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы…
Толығырақ

Сайрамдағы «Заң мен тәртіп»

Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кең көлемді кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық…
Толығырақ

Сарыағашта турнир өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясынаң 30 жылдығы мен 25 қазан Республика күніне орай аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан…