Қазақстанның ақылы жолдарында кімдер тегін жүре алады

Жеңілдік санатындағы көлік құралдары тізіміне мемлекеттік және нақты бір аудандарда тіркелген азаматтық көлік құралдары кіреді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

22 ақпанда ҚР Көлік министрінің «Қостанай — Ресей Федерациясы шекарасы (Троицк бағыты) автомобиль жолының республикалық маңызы бар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы күшіне енді.

— Бұл учаске 2-ші және 3-ші техникалық санаттағы ақылы жолға жатады. Алайда жеңіл автокөліктер жол жүру ақысынан босатылады, — деп түсіндірді Көлік министрлігі.

Сонымен бірге, ҚР «Автомобиль жолдары туралы» заңының 5-2-бабының 1-тармағына сәйкес, мына санаттағы көліктер ақылы жолдармен тегін жүру құқығына ие:

1. Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі арнайы автокөліктер:

* жедел медициналық жәрдем көліктері;
* апаттық-құтқару қызметтерінің автомобильдері;
* құқық қорғау органдарының көлігі;
* көлік бақылау органдарының автокөліктері;
* арнайы мемлекеттік органдардың көлігі;
* ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың көлігі.

2. Жолдарды күтіп ұстау мен жолаушылар тасымалына тартылған көлік құралдары:

* халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы жолдарды күтіп-ұстаумен және техникалық қызмет көрсетумен тікелей айналысатын ұлттық оператор көлігі;
* ҚР заңнамасына сәйкес, белгілі бір ақылы учаскені күтіп-ұстаумен айналысатын концессионер көлігі;
* жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган көлігі;
* қала маңындағы тұрақты жолаушылар мен жүк тасымалдайтын, сондай-ақ ақылы жолға жақын орналасқан елді мекендерді аудандық және облыстық орталықтармен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен байланыстыратын автобустар;
* ақылы жолға іргелес аудандар аумағында тіркелген, бір ауданның ішінде пайдаланылатын автобустар;
* жақын орналасқан көлік айрықтары арасындағы учаскелерде су айдындары мен темір жолдарды кесіп өту үшін ақылы жолдарды пайдаланатын жүк көліктері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары;
* ақылы трассаға іргелес аудандарда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың бір ауданның ішінде қозғалуына арналған жеңіл автомобильдері.

3. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жеңіл автомобильдері

Айжан Серікжанқызы
kaz.inform.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…
Толығырақ

Ақиқат үшін адал құшқан

1991 жылдың 3 мамырында Намибияның астанасы Виндхукта Африка елдерінің тәуелсіз журналистері «Виндхук декларациясын» қабылдады. Декларацияда баспасөз бостандығы мен…
Толығырақ

Менің анам

Әлемде қанша керемет болса, біріншісі және бірегейі әркімнің өз Анасы дер едім. Ең қасиетті Жан, жаныңа жақыны, жүрегіңе…