Қазығұртта қоғамдық тәртіп нығайды

Қазығұртта қылмыс азайып, қоғамдық тәртіп нығайды. Бұл туралы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев төрағалығымен өткен Қазығұрт ауданындағы жедел-қызметтік кеңесте айтылды.

Жиын барысында жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Е. Сәденовтің және Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы А. Заппаровтың нұсқаулары мен талаптары жеткізіліп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау және «Адал полиция» жобасының негізгі бағыттарын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Кеңес аясында Қазығұрт полициясының 2025 жылғы қызмет нәтижелері сараланды. Жыл қорытындысымен аудан аумағында қылмыс деңгейі 7,1% азайып, қабылданып жатқан алдын алу шаралардың тиімділігін көрсетті.

Интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтіліп, тұрғындармен жүйелі түрде түсіндіру-профилактикалық іс-шаралары жалғасуда» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтардың өтініші жай хат емес

Президентіміз «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы…
Толығырақ

Тұрғындар талабы тыңдалды

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде жиі жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өтініші заң аясында шешімін тауып келеді. Бүгін кезекті…
Толығырақ

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 4 мыңдай жоба қаржыландырылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында ауыл экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға…