Сауран ауданында жаңа футбол алаңы ел игілігіне берілді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында, сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа спорт алаңының іске қосылуымен құттықтады.

Спорт алаңы ауылдағы Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.

Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұртта жәрмеңке өтті

Қазығұрт ауданының орталық алаңында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Republic Day» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі…
Толығырақ

Жасанды интеллект әліппесі

Қазақстанда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет…