Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар пайдалануға беріледі

Түркістанда әлеуметтік, туристік, мәдени және спорт нысандары көбейіп келеді. Солардың арасында халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы да қарқынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанға кезекті рет барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобадан ауытқымауы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырамын. Айтылған кемшіліктер назарға алынып, құрылыс уақтылы әрі сапалы аяқталуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

Ипподромның құрылысын «ВД Строй-инжинеринг» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері жүргізілуде. 1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылуда.

Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жетісайда сенбілік өтті

Тазалықтың сақталуын денсаулықтың негізгі тетігі деп білетін жетісайлықтар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық тазалық…
Толығырақ

Қазығұртта сәндік ағаштар егілді

Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендер аумағын таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең…
Толығырақ

Шәуілдірде тұрғын үйлер жөнделеді

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12…