Жол ережесін сақтау – баршаның міндеті

Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселе. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады.
Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі. Жолда жүру ережесін сақтау – баршаның міндеті.

Осы орайда жуырдаТүркістан облысына Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: “Қауіпсіз жол” акциясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесіп “Қауіпсіз жол” акциясын өткізді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс-шара барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Қауіпсіз жол — әрбір адамның жауапкершілігі.

Жол ережесін сақтайық, өмірді қорғайық!

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

140 мәселе қаралды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс нәтижелері партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен өткен жұмыс жиынында қаралды. Бұл…
Толығырақ

Даны конкретные поручения

Состоялось совещание по актуализации граждан категорий Д–Е и по проекту «Ауыл аманаты» В Сауранском районе проведено совещание с…

В Казыгурте прошла игра КВН

В рамках принципа «Закон и Порядок» по совместной организации прокуратуры Казыгуртского района, районного отдела образования и молодёжного ресурсного…