Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы:

«Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда.

Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды.

Кино саласы да дамып жатыр.

Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш.

Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді.

Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз».

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ
«Amanat» партиясы халық мәселесін шешуге тікелей араласады «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихатқа Қазығұрт ауданынан сайланған…
Толығырақ

«Amanat» алаңында ашық диалог өтті

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы алаңында өткен брифингтің кезекті қонақтары – Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Ордабасы…