20 жыл жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды

Түркістан облысында 20 жылдан бері жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады.

Цифрлық жүйе арқылы іріктелген тізімге ұзақ уақыт бойы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған автокөлік иелері енді.

Марапатталғандардың ішінде 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған түркістандық 47 жастағы жүргізуші Әнуарбек Әлімбетов бар. Ол жолдағы жауапкершіліктің маңызын айтып, барлық жүргізушіні тәртіп сақтауға шақырды.

Полицияның айтуынша, мұндай бастамалар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Аталған шара облысқа қарасты 17 ауданда жалғасын тапты.

П.Араз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Прокурорлық сүзгі» жобасы

Төлеби ауданы прокуратурасымен «Прокурорлық сүзгі» жобасы және инвесторларды құқықтық сүйемелдеу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. ​Кезекті кездесуде алдыңғы жиынның…
Толығырақ

Ашықтық – сенім бастауы

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар жұртшылықтың бұл салаға деген сенімін күшейтіп келеді. Соның бір мысалы ретінде…