Полиция қылмысты азайтты

«Полиция қызметінің нәтижесі-қылмыстар 25%-ға азайды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаевтың төрағалығымен Келес аудандық полиция бөлімінің 2025 жылғы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беру жиынында айтылған.

Жиын барысында аудан аумағындағы жедел қызметтің нәтижелері жан-жақты талқыланды. 2025 жылдың қорытындысын қарау кезінде қылмыстарды ашу көрсеткіштері бірқатар бағыттар бойынша жақсарғаны атап өтілді.

«Сонымен қатар, полиция полковнигі Б. Зиятаев қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жеке құрам арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында полиция қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӨТЕННЕН ҚАУІП ТӨНБЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

Жасыратыны жоқ, кейбір жүргізушілер полиция қызметкерін байқаған кезде, апыл-ғұпыл қауіпсіздік белдігін тағып жатады. Әйтеуір, айыппұл алмасақ болды деген…
Толығырақ

Оқушылар полиция бөліміне экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына…