Әйелдердің құқықтары полицияның ерекше бақылауында

«Полиция әйелдерге қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» акциясы басталып, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар мен жұртшылықтың қатысуымен семинар өтті. Іс-шараға полиция бөлімінің басшысы М.Абилханұлы мен әкім орынбасары А.Кәлмен төрағалық етті» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Полиция басшысы өз сөзінде: «Ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Бұл жұмыс еліміздегі құқық бұзушылықтар деңгейіне, отбасылық институттың дамуына және қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан әйелдердің құқықтарын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері полицияның ерекше бақылауында»,- деп өз сөзін қорытындылады» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Р. Пайыз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…

Алқабилер әділдіктің жаршысы

Соңғы жылдары Түркістан облысында сот істерінде алқа билердің ролі орнығып, ықпалы артып келеді. Кейбір істер алқа билдердің араласуымен…