Полицейлер профилактикалық іс-шара барысында 400-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

Сайрам ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында кезекті рейдтік профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға полиция басқармасының бастығы Еркеғали Мейірбековтің өзі арнайы қатысты. Ол жүргізушілермен жол ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жылдамдықты шектен тыс асырмау, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу, жаяу жүргіншілерге жол беру және жол белгілерінің талаптарын қатаң орындау туралы түсіндірді. Маневр жасау кезінде сақ болу, құжаттарды толық әрі дұрыс ұсыну қажеттілігі айтылып, профилактикалық үнпарақтар таратылды.

Іс-шара нәтижесінде 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асыру фактілері қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша- 87, масаң күйде көлік басқаруға қатысты-1, маневр жасау ережелерін бұзу-52, жаяу жүргіншілерге жол бермеу-14, жол белгілері мен сызықтарының талаптарын орындамауға байланысты-67 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік шара көрілді.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік шаралардың тұрақты түрде жалғасатынын хабарлады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокурорлар меморандумға қол қойды

Сайрам аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін…

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…
Толығырақ

«Заң және Тәртіп» концепциясы түсіндірілді

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Артыққызы Ғалия, Түркістан қаласында орналасқан «БОЛАШАҚ көпсалалы» колледж студенттерімен…