Отырар ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясын Арыс ауылындағы Мансап орталығымен, Ш.Қалдаяқов ауылындағы Абай атындағы орта мектепте ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік уәкілетті органдардың өкілдері, кәсіби заңгерлер, сондай-ақ ауданның құқық қорғау және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелерді жедел және қолжетімді түрде түсіндіру, тұрғындардың өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімін кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар сұрақтар бойынша тиімді кері байланыс орнату болды.
Кездесу барысында аудан тұрғындары еңбек даулары, жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, әкімшілік құқықбұзушылықтар, отбасы-тұрмыстық құқық, пробация саласы, кәсіпкерлік мәселелері және өзге де құқықтық тақырыптар бойынша кеңес алды.
А. Расул.