Кентау қаласында мектеп оқушыларымен маңызды кездесу өтті

Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасында өзара сыйластықты нығайту мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында маңызды кездесу өтті.

«Кездесуге Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері М. Құттыбаева мен Г. Жақсылықова, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлері Н. Оспанова мен Б. Индира, «Кентау қалалық аналар кеңесінің» төрайымы М. Қазыбаева, «Алау» медицина орталығының басшысы Р. Үтебаева, психолог Н. Смайлова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Б. Шакиров, сондай-ақ мектеп өкілдері А. Үтеева мен Г. Ниятова қатысты» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында оқушылармен «Менің отбасым — сыйластық орнаған ортам», «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу» мен буллинг пен лудоманияның зияны туралы тақырыптар талқыланды.

100-ге жуық оқушыны қамтыған кездесудің басты мақсаты — мектеп оқушылары арасында өзара сыйластықты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, буллинг пен ойынқұмарлықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың зияны туралы түсіндіру болды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.…
Толығырақ

Жария тыңдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Отырар қызмет» МКК-ның суды арналар арқылы…