Облыс прокуратурасының қатысуымен мотивациялық кездесу өтті

Облыс прокуратурасының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Guest Talk» атты мотивациялық кездесу өтті.

Кездесуде облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов ауылдық округ әкімдерін арнайы қайта даярлау курсының және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының тыңдаушыларына өзінің кәсіби жолындағы тәжірибесімен, мемлекеттік қызметтегі құндылықтарымен және өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, шешім қабылдау жауапкершілігі, заң мен ардың аясында қызмет ету, халықпен тиімді коммуникация орнату сынды өзекті тақырыптарды қозғап, жас мамандар мен ауыл әкімдерінің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Мотивациялық кездесідің мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің адами әлеуетін дамыту, кәсіби жолында дұрыс бағдар беру және мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге ықпал ету болып табылады.

Түркістан облысының прокуратурасы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…