Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында №23 С.Датұлы атындағы мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды» Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды буллингтен қорғану тәсілдерімен таныстыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Шарада полиция қызметкерлері нашақорлық, буллинг және лудомания сияқты өзекті мәселелер туралы түсіндіріп, олардың зияны жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсіздігі мен мектептегі тәртіпті сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, профилактикалық кеңестер берілді.
А. Саман.