«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Ордабасы ауданының жастар сарайында пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті.
Кездесуде облыс прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқарма бастығы Нұрғали Асқанбеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай және пробация бөлімі мен мансап орталығының басшылары қатысып, әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері мен қайта қылмыстарды болдырмау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек жиынға төрағалық етуші Нұрғали Асқанбеков пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтендіру мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер, жұмыс орындарын субсидиялау сияқты қолдауларды түсіндіріп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.
Кездесу барысында мансап орталығымен жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындары ұсынылып, жолдамалар берілді.
Жиын соңында басқарма бастығымен жеке қабылдау өткізіліп, есептегі азаматтардың мәселелері талқыланды.
Ж. Мамыр.