Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру, мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, олардың іс-әрекеттеріне заңды баға беру және өңірдегі қылмыстық жағдайды бақылау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Шараны ұйымдастыру үшін арнайы штаб құрылып, құрамына криминалдық полиция, тергеу бөлімі, учаскелік полиция инспекторлары және «Ветеринариялық қызмет» филиалының мамандары енгізілді. Олар мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жайылымдағы малды қараусыз қалдырмау, малды чиптеу мен таңбалау, қора-жайды сенімді бекіту сияқты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертіп отыр.

Сонымен қатар мал ұрлығы жиі тіркелетін аумақтар, қараусыз жайылымдар, шаруа қожалықтары мен мал базарлары тексеріліп, тәулік бойғы патрульдеу күшейтілді. Бұрын мал ұрлығына қатысы бар немесе күдік тудырған тұлғалар бақылауға алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Іс-шара барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бабы бойынша 15 әкімшілік шара көрілді.

Тәртіп сақшылары өз кезегінде мал қауіпсіздігіне мұқият болуға және малдың жоғалу немесе күдікті жағдайлар байқалған сәтте бірден полицияға хабар беруге шақырады. Бірлескен әрекет қана қылмыстың алдын алуға және өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

П. Манан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

     Жaңалықтар мақалаларының жанры терең журналистік зерттеулерден бастап қарапайым парақшаларға дейін ауқымды кеңістікті құрайды. Әр түрлі типтегі…
Толығырақ

Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…
Толығырақ

Суррогат ана жайлы Заңда…

Өмірде әркімнің тағдыры әртүрлі. Түрлі тағдыр иелері сан қилы жағдайды бастан кешіріп жатады. Әсіресе отбасылық өмірдің іргетасы берік,…