Отырарда қылмыстық көрсеткіштер төмендеді

«Отырарда қылмыстық ахуал тұрақталып, көрсеткіштер төмендеді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл туралы Отырар аудандық полиция бөлімінің 2025 жылдың 12 айында атқарылған жедел қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беру жиынында айтылған.

Жиын Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен өткізілді. Шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Нышанбаев пен бөлімнің жеке құрамы қатысты.

Жиын барысында аудан аумағындағы жедел жағдайға талдау жасалып, қылмыстық құқықбұзушылықтың саны өткен жылмен салыстырғанда 6,3% пайызға төмендегені атап өтілді.

Сонымен қатар, жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қарумен жасалған және жасөспірімдер қатысқан қылмыстардың тіркелмегені, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар санының азайғаны мәлімделді.

«Жиын қорытындысында полиция қызметкерлерінің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалып, 2025 жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екені ерекше атап өтілді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара полициясының ұйымдастыруымен…