Полицейлер гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оқушылармен флешмоб ұйымдастырды

Кентау қалалық полиция басқармасының Құқықбұзушылық профилактикасы бағытындағы Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары және Кентау қаласы «Дарын» мектеп-лицейінің ұжымының бастамасымен білім ордасының 50-ге жуық оқушысымен бірлескен флэшмоб ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған жол бермеу, қоғамда отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау.

Кентау қаласында өткізілген бұл іс-шара жастардың белсенді қатысуымен өтіп, қоғамда зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастыруға үн қосты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сотталғандармен кездесу өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Төлеби ауданындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесінде…
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…