Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті

Түркістан облысының Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды департамент бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев өткізді.

Жетісай, Кентау, Қазығұрт, Сауран және Түркістан өңірлерінен келген 20-ға жуық тұрғын полиция басшысына өз мәселелерін тікелей жеткізді. Азаматтардың арыз-шағымы бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктелді.

Кейбір мәселелер департамент басшылығының бақылауына алынып, қосымша тексерістер жүргізілген соң жазбаша жауап берілетіні туралы айтылды. Тұрғындар дер кезінде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әдеп кодексінің сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді

Түркістан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және…
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…