Полиция қоғамдық орындарда никаб киюге қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын киімдерді, соның ішінде никаб пен басқа да жабық тұмшалау түрлерін қолдануға қатысты заң талаптарын түсіндіруде.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын киімдерді киюге шектеу қойылғанын атап өтті. Бұл шектеу қоғамдық қауіпсіздік, тұлғаны анықтау мүмкіндігі және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген.

Сонымен қатар полицейлер діни сенім бостандығына Қазақстанда толық жағдай жасалғанын, алайда кез келген діни рәсім немесе киімнің қалыптасқан құқықтық нормаларға қайшы келмеуі тиіс екенін түсіндірді. Дін мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары мәдениет және конфессияаралық келісім аясында жүргізілетіні де айтылды.

Іс-шара нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артты, қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция мен прокуратура рейдке шықты

Профилактика: полиция мен прокуратура кешкі рейдке шықты «Түркістанда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында “Қауіпсіз жол” республикалық акциясының…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…