Полиция қызметкерлері «Учаске» іс-шарасы барысында 15 мыңнан астам тұрғынжайды тексерді

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы тарапынан азаматтармен тығыз байланыс орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамда сенім мен өзара түсіністікке негізделген орта қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан шарада аудан көлеміндегі 15 мыңнан астам тұрғынжай мен 150-ге жуық қора-қопсыны тексерді.

Учаскелік полиция инспекторлары үйлерді аралау кезінде тұрғындардың өтініштерін қабылдап, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ұсақ құқық бұзушылықтардың және басқа да әкімшілік заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар атқаруда.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың түрлі деректері бойынша Қазақстан «Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша – 36, «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша – 18, және басқа да құқық бұзушылықьармен 500-ге жуық хаттама толтырылды.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…

Балалар абақтыны аралады

Полицейлер оқушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметімен таныстырды. Бұл туралы  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды. Сайрам ауданы полиция…
Толығырақ

Заңнама талаптары түсіндірілді

Қазақстан республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық болып табылады. Осыған орай, департаменттің мемлекеттік қызмет…