Прокуратура инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді және инвесторлармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.

Жаңадан енген инвесторлармен танысып, заңнамадағы өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаевтың төрағалығымен, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен, инвестициялық нысандар орналасқан аумақтарға іс-сапар ұйымдастырылып, жұмыс кездесуі өтті.

Қала аумағында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Аталған жобалар аясында 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Инвесторлар қатарында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай халық республикасының компаниялары бар.

Жаңадан енгізілген жобалардың қатарында асфальт-бетон өнімдерін шығаратын өндіріс орны, сондай-ақ темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон өндіретін заманауи зауыттың құрылысы бар.

Бұл кәсіпорындар өңірдің құрылыс саласына серпін беріп, инфрақұрылымдық дамуға елеулі үлес қосады.

Кездесу барысында прокурор мемлекеттік органдардың басшыларын инвесторлармен таныстырып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бастамашы болды.

Сондай-ақ әкімшілік кедергілердің алдын алу, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты күшейту және инвесторлармен тұрақты әрі нәтижелі байланыс орнатудың маңызы ерекше атап өтіліп, көтерілген нақты мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Прокуратура алдағы уақытта да инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетіп, олардың толық әрі уақытылы іске асырылуына жан-жақты ықпал етуді жалғастырады.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Жолдан жаңылдырған жарнамалар

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Тұрапбай Жанболат елімізде заңсыз ойын бизнестерінің жолын кесу, онлайн…
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Түркістан қаласындағы жоғары көпсалалы колледжде студенттерге арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД…