«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында жасөспірімдермен арнайы іс-шара өткізілді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Іс-шараға, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Амантаев, орынбасары Сакен Джайлыбаев, құрметті азамат Төлемісова Роза, Ішкі істер органдарының ардагері, Бөлебай Құнанбеков, сонымен қатар Мақтаарал аграрлық колледжінің студенттері мен жалпы білім беретін мекемесінің 250-ге жуық оқушысы және жас сақшы полиция сыныбының оқушылары қатысты.
Бастапқыда, Құрманбек Жандарбек атындағы Жетісай драма театрінің әртістерімен жасөспірімдерге арналған тәрбиелік мәні бар сахналық қойылым көрсетілді.
Өз кезегінде, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Амантаев жиынның негізгі мақсатын түсіндіре отырып, оқушыларға буллинг, лудомания, дроппер және нашақорлықтың алдын- алу бойынша тақырыптарға жеке дара тоқталып, арнайы әзірлеген бейнероликтер көрсетілді.
Жасөспірімдерге қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қажетті ақыл кеңестерін жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ жиынға қатысқан оқушыларға Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында орналасқан Ішкі істер министрлігіне қарасты арнаулы оқу орындарына түсу ережелері таныстырылды. Жиын соңы аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен ұласты.
Related Posts
«Теледидардан полицейді көргенде, оларды батыр көретінмін» дейді полицей Гүлбану Есенқұлова
Бұл қызметке әркімнің келу тарихы әр түрлі. Бірі әке жолын қуса, енді бірі үлкендердің кеңесін тыңдаған. Бірақ бәріне…
Құқықтық мемлекеттің дамуындағы тәртіптің рөлі түсіндірілді
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Арыс ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған кең ауқымды кездесу өткенін хабарлайды.…
Тұрғындармен кездесу өтті
Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбековтің бастамасымен аудан аумағындағы алғашқы кездесу Бадам ауылдық…
Полиция мен ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік жайын талқылады
Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дияс Балдановтың, бөлім бастығының орынбасары Данияр Түймебаевтың және Қоғамық қауіпсіздіктің бастығы…