Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі мұрагерлік құқық, мұрагерлікпен байланысты даулар, нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту істерін қарау кезінде сот практикасына қатысты семинар өткенін хабарлайды. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы ұйымдастырған семинарда Мұрагерлік құқық, Мұрагерлікпен байланысты даулар және нотариустың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту мәселелері көтерілген.
Семинарға алқа төрағасы Н.Биболов, алқа судьялары, Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Ырсымбетов, Әділет департаментінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, заңгерлер палатасының өкілдері, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, адвокаттар, әділет басқармасының және заңгерлер палатасының өкілдері, нотарустар қатысты.
Семинарда мұрагерлік істер бойынша сот практикасын қорыту нәтижелері, нотариустың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту жөнінде істерді қарау практикасын талқыланды.
Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарына жауап алды.
habarlike.kz