Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

Сотпен анықталғаны:

Жеке сот орындаушысы (бұдан әрі – ЖСО) борышкер Б.-нің алимент бойынша 11 млн 900 мың теңге берешегін өтегенше, оның жүргізуші куәлігін тоқтату туралы ұсыныспен сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот бұл ұсынысты қанағаттандырған.

Алайда сот алқасы борышкердің жедел медициналық жәрдем станциясында жүргізуші болып жұмыс істейтінін, 2024 жылдың шілдесінен бастап тұрақты түрде, ай сайын алимент төлемдерін төлеп келе жатқанын, оның жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатқан жағдайда, ол табыс табыс көзінен айырылып, сот шешімін орындау мүмкіндігінен шектелетіні ескерілді.

Сот тараптарды тыңдап, шағымның уәждері мен атқару өндірісін зерттей келе, борышкердің шағымын қанағаттандыру, ал ЖСО-ның ұсынысын қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым қабылдады.

Ұйғарым 21 қазан 2025 жылы заңды күшіне енді.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сайрамда кеңейтілген жиын өтті

Облыс прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша…
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…